Ақтөбеде таеквондодан (WT) U21 Қазақстан чемпионаты өтеді

4–5 қыркүйек күндері Ақтөбе қаласында таеквондодан 21 жасқа дейінгі спортшылар арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өтеді.

«Жекпе-жек» спорт кешенінде өтетін ел біріншілігіне еліміздің барлық өңірінен 227 спортшы қатысады. Жас таеквондошылар өз салмақ дәрежелері бойынша жүлделерді сарапқа салады. Айта кетейік, U21 санатындағы Қазақстан чемпионаты биыл екінші рет ұйымдастырылып отыр. Өткен жылғы ел біріншілігінің қорытындысы бойынша іріктелген спортшылар Кенияда өткен әлем чемпионатында сәтті өнер көрсетіп, 2 алтын және 1 қола медаль жеңіп алған болатын. Атап айтқанда, Батырхан Төлеуғали мен Бейбарыс Қаблан әлем чемпионы атанса, Тамерлан Тлеулес қола жүлдеге ие болды. Жарыс Қазақстан таеквондо федерациясының YouTube арнасында тікелей эфирде көрсетіледі.

Ақтөбеде таеквондодан (WT) U21 Қазақстан чемпионаты өтеді

Біздің мекенжай

Астана қ., Қонаев көшесі 12/1, TRUST БО, 7 қабат, 712 кабинет