Таеквондодан (WT) Қазақстан құрамасы әйелдер арасындағы ашық әлем чемпионатына қатысады

Таеквондодан (WT) Қазақстан құрамасы әйелдер арасындағы ашық әлем чемпионатына қатысады

28–30 тамыз күндері Қытайдың Тайюань қаласында таеквондодан (WT) әйелдер арасындағы ашық Әлем чемпионатына өтеді. Аталған додада Қазақстан ұлттық құрамасының 9 спортшысы ел намысын қорғайды.

Айдана Құмартаева (-46 кг)

Нұрай Бауыржанова (-49 кг)

Мария Севостьянова (-57 кг)

Айша Әділбекқызы (-62 кг)

Аружан Найманбаева (-67 кг)

Адель Жанділдинова (-49 кг)

Нұрай Хусаинова (-73 кг)

Жанель Сұлтанғалиева (-46 кг)

Тоғжан Өмірзақ (-46 кг)

Турнирге 58 елден және World Taekwondo босқындар командасынан барлығы 391 спортшы тіркелген. Жүлделер сегіз салмақ дәрежесінде сарапқа салынады: -46, -49, -53, -57, -62, -67, -73 және +73 кг. Биылғы чемпионатқа Олимпиада және әлем чемпиондары бастаған әлемнің үздік таеквондошылары қатысады. Олардың қатарында Париж-2024 Олимпиадасының чемпиондары Вивиана Мартон мен Юджин Ким, әлем чемпиондары Луана Мартон, Сара Шаари, Нафия Куш Айдын және Эмине Гөгебакан бар.

Таеквондодан (WT) Қазақстан құрамасы әйелдер арасындағы ашық әлем чемпионатына қатысады

Біздің мекенжай

Астана қ., Қонаев көшесі 12/1, TRUST БО, 7 қабат, 712 кабинет