Қазақстандық таеквондошы Нодира Ахмедова Қытайдың Чанша қаласында өткен China Open G-1 халықаралық турнирінде қола жүлдеге ие болды.
Әйелдер арасында 53 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен Нодира Ахмедова ширек финалда қарсыласынан басым түсіп, жартылай финалға жолдама алды. Финалға шығу үшін өткен кездесуде ол әлем чемпионатының екі дүркін жүлдегері, Қытай спортшысы Цзо Цзюймен кездесті. Нәтижесінде қазақстандық спортшы жарысты қола жүлдемен аяқтады.
Айта кетейік, China Open G-1 халықаралық турниріне 30-ға жуық елден 279 спортшы қатысты.
