ТОП-3: Таеквондодан Қазақстан құрамасы әлемдік жарысты сәтті аяқтады

Қазақстан құрамасы Пәкістанның Лахор қаласында өткен Азия құрлығындағы World Taekwondo Президенті кубогының (G-3) медальдық есебінде үшінші орынға ие болды.

Жарыс қорытындысы бойынша қазақстандық таеквондошылар 2 алтын және 3 қола, барлығы бес жүлде жеңіп алды. Жалпыкомандалық медальдық есепте Иран бірінші, Корея Республикасы екінші орын алса, Қазақстан құрамасы үздік үштікті түйіндеді. Ел қоржынына алтын жүлделерді Назым Махмұтова (-73 кг) мен Батырхан Төлеуғали (-87 кг) салды. Ал Нұрай Бауыржанова, Рита Бакишева және Азим Ниязов жарыстың қола жүлдегері атанды. Осылайша, Қазақстан құрамасы Лахордағы халықаралық турнирді медальдық есептің ТОП-3 қатарында аяқтады.

ТОП-3: Таеквондодан Қазақстан құрамасы әлемдік жарысты сәтті аяқтады

Біздің мекенжай

Астана қ., Қонаев көшесі 12/1, TRUST БО, 7 қабат, 712 кабинет