Пәкістанда Батырхан Төлеуғали Қазақстанға екінші алтынды сыйлады!

Лахорда өтіп жатқан Азия құрлығындағы World Taekwondo Президенті кубогында Қазақстан құрамасының қоржыны тағы бір алтын жүлдемен толықты. Батырхан Төлеуғали (-87 кг) жарыс барысында Корея, Таиланд және Өзбекстан өкілдерінен басым түсіп, турнир чемпионы атанды. Финалда отандасымыз Өзбекстан спортшысы Ёдгорбек Джурабоевты жеңіп, тұғырдың ең биік сатысына көтерілді. Осылайша, Назым Махмұдовадан кейін Батырхан Төлеуғали Қазақстан құрамасына турнирдегі екінші алтын медальді алып келді.

Пәкістанда Батырхан Төлеуғали Қазақстанға екінші алтынды сыйлады!

Біздің мекенжай

Астана қ., Қонаев көшесі 12/1, TRUST БО, 7 қабат, 712 кабинет