Пәкістанның Лахор қаласында өтіп жатқан G-3 санатындағы турнирде Қазақстан таеквондошысы Назым Махмутова жеңімпаз атанды. Жартылай финалда отандасымыз Корея өкілі Ох Сенгюді 2:0 есебімен жеңсе, финалда Сауд Арабиясының спортшысы Сабер Дунья Бушуайбтан басым түсіп, -73 кг салмақ дәрежесінде топ жарды. Осылайша, Назым Махмутова Қазақстан құрамасының қоржынына турнирдің алтын жүлдесін салды.
