«Қазцинк» компаниясы қазақстандық таеквондоны қолдайды
«Қазцинк» компаниясы қазақстандық таеквондоны қолдайды

Қазақстандық таеквондо (WT) федерациясы мен «Қазцинк» компаниясы отандық таеквондоны дамытуға бағытталған серіктестік орнатты.
Ынтымақтастық аясында спортшылардың дайындық мүмкіндіктерін кеңейтуге және халықаралық жарыстарға қатысуына қолдау көрсетіледі. Серіктестіктің басты мақсаты — таеквондошылардың шеберлігін шыңдауға және әлемдік аренада жоғары нәтижелерге қол жеткізуіне жағдай жасау.
Қазақстандық таеквондо (WT) федерациясы «Қазцинк» компаниясына отандық спортты дамытуға қосқан үлесі мен қолдауы үшін алғыс білдіреді. Бұл серіктестік — еліміздегі таеквондоның тұрақты дамуына және спортшылардың әлеуетін арттыруға бағытталған маңызды қадам.