Қазақстандық таеквондо (WT) федерациясының Бас хатшысы Арал Садықов пен Федерация Вице-президенті Сұлтан Қасымов іссапар аясында Ақмола облысында оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатқан таеквондодан Қазақстан жастар құрамасына арнайы барды.
Федерация басшылығы құраманың жаттығу барысымен танысып, спортшылар және бапкерлер құрамымен кездесті. Алда тұрған маңызды сынның жауапкершілігіне тоқталып, дайындық кезеңіне сәттілік тілеп, жас спортшыларға сенім білдірді.Қазіргі таңда Қазақстан жастар құрамасы жылдың басты додаларының бірі — Дакарда өтетін Жастар Олимпиада ойындарына тыңғылықты дайындалып жатыр.Айта кетейік, Жастар Олимпиада ойындарындағы таеквондо жарыстары 8–12 қараша аралығына жоспарланған.
